Еріген суы бар мұз кептелісіне байланысты жергілікті билік Аманкелді ауданы Үрпек ауылы тұсындағы Аманкелді-Үрпек тас жолының қиыршық тасты толтыру бөлігін ашуды ұйғарды.
Бұл шара елді мекендерді су басудан сақтайды және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етеді.
“Торғай өзенінің суы басқа бағыттан тасып, Үрпек-Аманкелді көтерме жолының 11-13 шақырымын шайып өтті. Ағыс қатты болғандықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Жолдың екі тұсынан экскаватормен ортасын қазуға тура келді. Халық бәрінен хабардар”, – дейді Үрпек ауылының әкімі Ғалымжан Жақыбаев.
Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
Жағдай тұрақтанған соң, жол қайта қалпына келтіріледі.