Новопавлов ауылына кіреберіс жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Новопавлов ауылына кіреберіс жолды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Автокөлік қатынасын қалпына келтіру мақсатында жолға қиыршық тас пен топырақ төселді. Жалпы көлемі 1027 текше метр материал пайдаланылды.

Жөндеу жұмыстарына 9 техника жұмылдырылды.

Оның екеуі жүк тиегіш болса, алтауы жүк көлігі және бір экскаватор бар.

“Жол жабыны нығайтылып, тығыздалды. Қазіргі уақытта жол толық пайдалануға дайын және көлік қозғалысына ашық. Бүгінде тек жеңіл автокөліктердің жүруіне рұқсат етілген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы техникасы мен ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Аталған аумақта жергілікті атқарушы органдар мен тиісті қызметтердің өкілдері тәулік бойы кезекшілік етуде”, – дейді мамандар.

Әулиекөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу