22 наурыз – Жыл басы

22 наурыз – Жыл басы

«Жыл басы» – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн.

«Жыл басы» күнтізбедегі жай ғана күн емес. Бұл – мерекелік қуанышқа бас қосып, тарихымыздың жаңа кезеңінің басталуын мақтанышпен атап өтетін ерекше сәт.

Бүгін Қостанайлықтарды Наурыз мейрамына байланысты керемет тосынсыйлар күтіп тұр.

Орталыққа жиналған қауым қол өнершілердің туындыларын тамашалауда.

Ұлттық тағамдар байқауы басталып кетті. Тұрғындарға тиімді бағамен азық-түлік, өзге де тауарлар ұсынып жатқан жәрмеңке өз алдына бір төбе.

Облыс әкімдігі алдындағы алаңда театрландырылған дәстүрлі қойылымдар мен киіз үйлер байқауына кезек беріледі.

Жаңалықтармен бөлісу