Бүгін ол жақта ауқымды сенбілік өтті. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және жасыл желекті сақтау – баршаға ортақ міндет.
Лисаков жастары «Таза Қазақстан» бастамасына қосылды
Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Таза аумақ — баршамызға ортақ міндет!» атты экоквест өтті.
«Жайлау» кешенінің жаңа тынысы
Алтынсарин ауданы көрікті демалыс орындарымен көпке танымал. Солардың бірі – самырсынды сыңсыған орман ортасынан орын тепкен «Жайлау» сауықтыру-ойын-сауық кешені.
Арқалықта «Таза жағалау» акциясы басталды
Науқанға қала мекемелері мен ұжымдары бір кісідей жұмылған. Ашық аспан аясында, табиғат ананың мейірін төккен шуақты күнінде акцияға ат қосқандар асқан белсенділікпен, қоршаған ортаға деген шынайы жанашырлықпен іске кіріскен.
Лисаковта абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Лисаков қаласында биыл тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр.
Есебі түгел, нәтижесі мардымсыз
Қостанай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатты қорғау, аумақтың тазалығын сақтау шаралары жалғасуда. Осы мақсатта арнай мобильді топтар құрылып, абаттандыру қағидаларының сақталуын қадағалауда. Алайда нәтиже көңіл көншітпей отыр.
«Жасыл Ел» – экология сақшысы
Қостанайда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті «Таза ойындар» экологиялық акциясы өтті.
Арқалықта «Таза аула» акциясы өтті
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында қалада түрлі іс – шаралар көрініс тауып, тұрғындардың ыстық ықыласына кенелуде.
Өз ауласынан бастаған игі іс: Федоровтағы белсенді жастар марапатталды
Федоров ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Үздік аула» байқауы тұрақты өтеді.
«Мөлдір бұлақ»: Қостанай облысында табиғи су көздері тазартылды
Табиғатты қорғау үлкен бастамалардан емес, әр азаматтың нақты ісінен басталады. Бейімбет Майлин ауданындағы Жабағы батыр бұлағында өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы осының жарқын көрінісі болды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі іске мемлекеттік қызметкерлер, сала мамандары, еріктілер мен ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысты.
