«Қажсервис» ұжымы жүзден аса көшет отырғызды

«Қажсервис» ұжымы жүзден аса көшет отырғызды

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Игі бастамаға «Қажсервис» ЖШС-нің облыстағы жол пайдалану бөлімшелерінің ұжымдары да атсалысты.Өңірдегі 14 жол пайдалану бөлімінде қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда сенбілік өткізіп, жұмыс орындарының айналасын қоқыстан тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар облыс бойынша 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылды.blankblankЭкологиялық акцияға қатысу арқылы жол саласы мамандары қоршаған ортаны қорғауға және еңбек ететін аумақтарды таза әрі көрікті ұстауға өз үлестерін қосты.blankblankblankМұндай бастамалар табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, әр азаматтың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауының маңызын көрсетеді. Тазалық пен көгалдандыруды ортақ іске айналдыру — өңірдің жайлы әрі көрікті болуына бағытталған нақты қадам.