Қостанай қаласында «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы акция өтті.
Бір топ жеке тұлға субсидия ретінде бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді
Қостанайда бір топ жеке тұлға агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы бойынша субсидия ретінде бөлінген 500 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді.
Әжейлер қалай алданды? Алаяқтар бұрынғы әдіске көшті
Интернеттегі алаяқтар бұрынғы әдіске қайта көшті. Олардың басты көмекшісі – үй телефоны. Тұрғындарға жақыны (туысы, баласы, немересі, т.б.) ретінде қоңырау соғады да, қиын жағдайға тап болғанын айтып алдап соғады. Кейінгі он күнде қостанайлықтар 50 миллион теңгесінен айырылған. Қостанай қаласы полиция басқармасының бастығы Болат Имановтың айтуынша, қулығына құрық бойламайтындардың бұл әдісі он бес жыл бұрын пайда […]
Қостанай полицейлері телефон алаяқтарын ұстады
Соңғы екі айда Қостанай облысының аумағында белгісіз адамдардың қоңырау шалу жолымен жасалған алаяқтықтың 13 дерегі тіркелді. Олар егде жастағы жәбірленушілерге жақын туыстары жол-көлік оқиғасына немесе ауруханаға түскенін хабарлаған.
Шекара қызметкерлері заң бұзған шетел азаматын ұстады
2023 жылғы 17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаттарынсыз 205 қораптағы темекіні анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
50 млн теңгені қалтасына басқан әйел 6 жылға сотталды
Antares қаржы пирамидасын құрып, 50 млн теңгені қалтасына басқан әйел 6 жылға сотталды. Пирамида ұйымдастыру фактісін Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.