Қостанайда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Қостанайда есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Қостанай қаласында «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы акция өтті.

Іс – шараға Қостанай қалалық мәслихатының депутаты Арман Есмағамбетов, қалалық полиция басқармасының есірткіге қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Азамат Мырзабеков, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Олар тұрғындарға нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық жадынамалар таратып, есірткінің таралуы жайлы  ақпараты бар граффити-жазуларды бояп, өшірді.

– Нашақорлықтың зардабы шаш етектен. Жер шарын жайлаған ғасыр індеті деуге болады. Жас талғамайтын зиянды әдет. Одан оңайлықпен арылу мүмкін емес. Ең абзалы, бұл жолдан аулақ болған жөн. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарын нашақорлық пен есірткіні рұқсатсыз тарату мәселесіне аудару үшін осындай акция өткіздік. Біз әр адам есірткіні қолданудың қауіпін түсінетін және салауатты өмір салтын ұстануға шешім қабылдайтын ақпараттандырылған қоғам құрғымыз келеді, – деді қалалық мәслихатының депутаты Арман Есмағамбетов.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу