Арқалықта жастар арасында нашақорлыққа қарсы кіші футболдан жарыс өтті

Арқалықта жастар арасында нашақорлыққа қарсы кіші футболдан жарыс өтті

Арқалықта қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына көп көңіл бөлінуде. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Жастар ресурстық орталығы және Арқалық қаласы полиция басқармасының «Есірткіге қарсы іс – қимыл» тобының бірлесіп ұйымдастырыуымен жастар  арасында кіші футболдан жарыс өтті.

Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қожахметов сөз алып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жарыстардың маңыздылығын атап өтті.

  «Нашақорлық – бұл заман кеселі. Біз бүгінгі спорттық сайысымызды жастарымызды осы жаман әдеттен сақтандыру мақсатында өткізіп отырмыз. Қаланың орталық «Демалыс саябағының» футбол алаңында өтіп жатқан шағын футбол жарысына түрлі салада еңбек ететін жастарымыздың көптеп қатысып жатқаны көңіл қуантады», – деді орталық басшысы Данияр Қуанышұлы.

Барлығы 9 команда қатысып бақ сынаған жарыста қала жастарының «Бөрілер» еркін құрама командасы топ жарса, екінші орынды  «Торғай – Ет» ЖШС, үшінші орынды «МӨСБ – 4» командалары жеңіп алды. Жүлдегерлер арнайы кубокпен, медалдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Арқалық қаласы.

Жаңалықтармен бөлісу