Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында Қостанайдың “Тобылы” жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында Қостанайдың “Тобылы” жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалында Қостанайдың “Тобылы” “Атырау” командасын қабылдады. Бұл ойынды алаң иелерінің басымдығымен өрбіді десек болады. Қонақтар қарымта шабуылдарға да иек арта алмады.

Дей тұрғанмен, толассыз шабуылдар ойынның бірінші бөлігінде нәтиже бермеді. Келесі таймда да “Тобыл” сол ойыншылармен алаңда қалуды көздеген. Себебі, көптеген орындаушылар алған жарақатының салдарынан алаңда бой көрсете алмады. Ол туралы баспасөз мәслихатында бас бапкері де түсіндіріп жатыр. Осы жолы да жерлестеріміз үмітті ақтамас деп едік. Пікіріміз теріске шықты. Толассыз шабуылдар осы жолы нәтижесін берді. Басында соққан шабуылшы Сердж Дебленің голын төреші санамады. Көзге көрініп тұрған пенальтиді де бермеген. Алайда сары-жасылдар дегеніне жетті.

Ортада команда капитаны Серікжан Мүжіков сәтті шабуыл ұйымдастырды. Сол қанаттағы Роман Асранқұлов іске араласып, алдындағы Милиан Вукадиновичті тапты. Ол ортадан ашылған Асмир Сульичке допты жеткізіп берді. Осылайша, бірінші ойынның қорытындысы 1:0 есебімен аяқталды. Кімнің финалда өнер көрсететіні жауапты кездесуде шешілетін болады.

Жаңалықтармен бөлісу