Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады

«Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіден «PvP»синтетикалық есірткінің 96 байламы табылып, тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес есірткі заттарының жалпы салмағы 50 грамнан асты, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі заттарын өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні «Телеграм каналы» арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

«Қарасора – 2023» операциясы басталғаннан бері Қостанай облысының аумағында заңсыз айналымнан 7 кг астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

 

Жаңалықтармен бөлісу