Бүгін Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйі Халықаралық әйелдер күніне орай қыз-келіншектерді мерекемен құттықтауға арналған жиын өтті.
Қостанайлықтар Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтті
Бұл мереке өрт және авариялық—құтқару техникаларының көрмесімен басталды. Қала тұрғындары мен қонақтары төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын заманауи арнайы техниканы көруге мүмкіндік алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Арқалық қаласының мерейтойлық логотипі анықталды
Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған логотип жасау қорытындысы бойынша Фархат Құрманғалиұлы ұсынған эскиз конкурс жеңімпазы деп танылды.
Аида Балаева қазақстандықтарды Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Бүгін – Ұлттық басылым күні. Бұл күннің отандық мерзімді баспасөз тарихының бастауы саналуы тегін емес. Сонау 1913 жылғы 2 ақпанда қазақ халқының бірлігінің ұйытқысына айналған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан бері газеттер мен журналдар мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға, ашық қоғам қалыптастыруға маңызды үлес қосып келеді.
Арқалық әкімінің Жаңа жылдық шыршасына 300 оқушы қатысты
«Жас-Ұлан» жасөспірімдер орталығында жылдағыдай балаларға қала әкімінің дәстүрлі шырша кеші ұйымдастырылды.
Президенттің Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз.Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады. 2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсті. Әлемдегі ахуал […]
2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы халыққа жаңа жылдық құттықтауын жолдау кезінде айтты. «2026 жылы Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады. Еліміздің жарқын келешегі үшін алдағы конституциялық реформаның мән-маңызы зор. Азаматтарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін беретін бұл реформаны қолдайды деп сенемін. Біз энергетикалық әлеуетімізді нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын […]
Арқалық Жаңа жылды ән-жырмен қарсы алды
Орталық «Наурыз» алаңы мерекеге сай безендіріліп, қала тұрғындары бас шыршаның жанында Аяз ата мен Ақща қарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.
Қостанайда «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық мерекелік бағдарлама өтеді
Бүгін Орталық алаңда 2026 Жаңа жылды атап өтуге арналған кең ауқымды қалалық мерекелік шаралар өтеді. Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды концерттік-сауық бағдарламасы әзірленді.
