Бүгін Орталық алаңда 2026 Жаңа жылды атап өтуге арналған кең ауқымды қалалық мерекелік шаралар өтеді. Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды концерттік-сауық бағдарламасы әзірленді.
Мерекелік бағдарлама:
- 18:00–20:00 — «Даму бала» балаларға арналған концерттік бағдарламасы;
- 20:00–21:00 — балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы;
- 21:00–23:00 — «Мирас» мәдениет сарайының концерттік бағдарламасы;
- 23:50 — Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа жылдық бейнеқұттықтауын көрсету;
- 00:40–02:00 — «Мирас» Мәдениет сарайының түнгі жаңажылдық бағдарламасы;
- 01:00 — мерекелік жаңажылдық отшашу.
Өтетін орны: Қостанай қаласы, Орталық алаң.
Суретті түсірген – Сергей Миронов
