Арқалық қаласының мерейтойлық логотипі анықталды

Арқалық қаласының мерейтойлық логотипі анықталды

Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған логотип жасау қорытындысы бойынша Фархат Құрманғалиұлы ұсынған эскиз конкурс жеңімпазы деп танылды.

Қала мерейтойына арналған ресми мерекелік логотип жасау үшін Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» байқау жариялаған болатын.

blank blank

Орталық басшысы Данияр Қожахметовтің мәлімдеуінше бүгінгі күні осы байқаудың қорытындысы шығып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей жеңімпазы анықталып отыр.

«Байқауға ниет білдіргендерден көптеген жұмыстар келіп түсті. Жасанды интелекті көмегімен жасалған дүниелердің қабылданбайтындығын ескерттік. Шығармашылық жұмыстың арнайы компьютерлік бағдарламалармен жасалуы талап етілді. Қазіргі таңда комиссия шешімімен байқау нәтижесі белгілі болып, жеңімпаздың жұмысы Арқалық қаласының 70 жылдығына арналған ресми логотип болып бекітілді», – дейді қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Данияр Қуанышұлы.

blank blank Номинация иегерлері де анықталды. Комиссия шешіміне сәйкес конкурсқа қатысушылар үздік деп мына номинациялар бойынша: «Ең жас қатысушы» — Иса Қапар, «Ең үздік идея» — Алмас Сарсенбаев, «Кәсіби шеберлік үшін» — Мақсат Тілеген, «Ең креативті қатысушы» — Мақсат Садуов, «Ең мағыналы символика» — Зұлқарнайын Құдабаев танылды.

Қаланың мерейтойлық логотипін дайындау бойынша ең үздік жұмыстардың авторлары дипломмен және арнайы сыйақымен алдағы қала күнінің мерекелік іс — шарасында салтанатты түрде марапатталады.

   Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                           Арқалық қаласы