«Театр — Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер». Ал оның көркі — сахнагер әртістер. Арамызда өзгеше өнерімен көзге түсіп, халықтың құрмет-қошеметіне бөленіп жүрген майталман мамандар жетерлік. Сондай жандардың бірі де бірегейі — І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының беделді актрисасы, ҚР Мәдениет қайраткері Шара Мүсілова.
Балаларға қуаныш сыйлады
Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында ұзақ жылдар жүзеге асып келе жатқан «28 ілмек» қайырымдылық жобасы жалғасын табуда.
Асыл сөздің зергері. Серікбай ақынның шығармашылық кеші өтті
Қазақтың көрнекті ақыны Серікбай Оспанұлы сексен жаста! Сан қырлы дарын иесі, даңқты жерлесіміз, қастерлі қаламгердің мерейтойына орай рухани іс-шаралар жер-жерде өтіп жатыр. Ең бір тағылымды кездесуді Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы ұйымдастырды. Ән мен жырға, әңгіме-сырға толы кеш қалың көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Кітапханада ақын Серікбай Оспанұлымен кездесу өтті
Қостанайда А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында әйгілі ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым, Әлем халықтары Жазушылары Одағы мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Қостанай облысының құрметті азаматы Серікбай Оспанұлының 80 жас мерейтойына арналған «Ақын адам – ақ көңіл» атты кітапханалық журфиксі өтті.
Бүгін көрнекті ақын Серікбай Оспанұлының туған күні
Танымал ақын, филолог-ғалым, «Алаш», «Жамбыл» халықаралық сыйлықтарының иегері, Әлем жазушылары одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы 80 жасқа толды.
Жампоз журналист Жайберген Болатов 75 жасқа толды
Қазақстанның Құрметті журналисі, Мәдениет қайраткер, «Қостанай таңы» газетінде ұзақ жыл бас редактор қызметін атқарған ардагер Жайберген Арзымбетұлы жетпістің бесеуіне келді. Қарашаңырақта мерейтой иесін құттықтауға арналған жиын өтті.
Соқпақта сілтенген семсер
Сонау 1986 жылы Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетінде айқара беттің тұтас етегін алып,«Қудалау» деген көлдей мақала шықты. Аты айтып тұрғандай, мақалада Науырзым ауданындағы бір автобаза директорының жосықсыздығы айтылады.
Мерейтой иесін құттықтады
Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің заң және құқық саласының жетіліп, нығая түсуіне көп үлес қосқан білікті заңгер, заң ғылымдарының докторы Сергей Жалыбин 75 жасқа толып отыр. Облыс әкімдігінде осыған орай өткен салтанатты іс-шарада мерейтой иесіне арналған жылы лебіз, жүрекжарды құттықтаулар айтылды.
Жақсылық жерде қалмайды
Адамға көңіл қымбат. Әсіресе, қариялар үшін көңіл аса қажет. Осыны жақсы түсінетін қостанайлық кәсіпкер Талғат Омаров мереке сайын үлкен кісілердің басын қосып, құрмет көрсетіп тұрады.
Балаларға қуаныш сыйлады
Рудный қаласындағы балалар үйіне Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали арнайы барып, тәрбиеленушілермен кездесті.