Адамға көңіл қымбат. Әсіресе, қариялар үшін көңіл аса қажет. Осыны жақсы түсінетін қостанайлық кәсіпкер Талғат Омаров мереке сайын үлкен кісілердің басын қосып, құрмет көрсетіп тұрады.
Балаларға қуаныш сыйлады
Рудный қаласындағы балалар үйіне Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау үшін облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали арнайы барып, тәрбиеленушілермен кездесті.
Еріктілер клубы мүмкіндігі шектеулі жандарға көңіл күй сыйлады
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында JARYQ еріктілер клубы қызмет етіп келеді.
Үздік журналистер марапатталды
Бүгін Республика күні қарсаңында облыс журналистерін марапаттауға арналған іс-шара өтті.
Ұстаз болмысы қандай болуы керек?
Облыстық білім басқармасы жыл сайын тәжірибесімен қатар ерекше әдістемелерін ескере отырып, үздіктердің тізімін жариялайды. Биыл қала мектептері мен осы салаға үлес қосқан өзге де мекемелердің арасынан алты адамның есімі белгілі болды. Солардың бірі Қостанайдағы 24 мектеп-гимназиясының ұстазы Шолпан Ахметова.
Есімі елге танымал Социалистік Еңбек Ері, Ленин орденінің, «Еңбек Қызыл Ту» орденінің үш дүркін иегері Вера Сидорова 90 жаста
Тобыл өңірінде өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен, жұмыстың көзін білетін табандылығымен дараланған әйелдердің қатары аз емес. Олардың жүріп өткен жолы, Отанымыздың өркендеуіне бір кісідей қосқан үлесі келешек ұрпаққа үлгі.
«Мерейлі отбасы» – ұлттың байлығы
Рудныйда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Былтыр тек үш отбасы өтініш берсе, биыл тоғыз жанұя қатысқан. Қалалық іріктеуден өткен екі отбасы облыстық байқауға жолдама алды.
Перзентханадан шығарып алды
Аслан Ысқақтың қыз баланы армандап жүргеніне көп болды. Оның екі ұлы бар. Алайда, қыз үйдің ырысы деп біледі.
Әлем балалар көзімен қалай көрінеді?
1 маусым балалар үшін ерекше мереке. Бұл күнді бүкіл әлем Балаларды қорғау күні ретінде атап өтеді. Халықаралық мерекеге орай балалардың ерекше жұмыстарынан құралған «Балалар әлемі!» атты көрме ашылды.
«Жан жылуы» жанға шуақ сыйлады
Қостанайда қайырымдылықты ту еткен жандардың басын біріктірген «Жан жылуы» қайырымдылық концерті өтті. Сахана төріне кәнігі әншілер емес, Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, белгілі меценаттар шығып, өнер көрсетті.