Қостанайдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында ұзақ жылдар жүзеге асып келе жатқан «28 ілмек» қайырымдылық жобасы жалғасын табуда.
Бұл жолы жоба қатысушылары үйреншікті форматтан сәл өзгеше бағыт таңдап, Дельфин балалар үйінің 1-3 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне арнап жылы әрі түрлі-түсті тоқыма киімдер дайындады.
Акцияға 28-мектептің оқушылары, «28 ілмек» қалалық клубының үйлестірушісі және жобаның тұрақты қатысушылары атсалысты. Барлығы да әр жіпке мейірім, жылулық және махаббат тоқи отырып, балаларға арналған жұмсақ жейделер мен шұлықтарды әзірледі.
«Әр ілмек – бұл жүректің жылуынан тоқылған жақсылықтың бір бөлшегі. Осындай жобалар арқылы балаларға жайлылық, мейірім мен махаббат сыйлауға болады. Жобаның барлық қатысушыларына алғыс білдіреміз!» – дейді ұйымдастырушылар.
Жақында бұл сыйлықтар «Дельфин» балалар үйіне табысталды. Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің шынайы қуанышы, алғысы – қатысушылар үшін ең үлкен марапат болды.
Олжас Ғабдімәлік,
ҚӨУ студенті