Алысқа бармай-ақ, тек өткен айда Жетісу облысында көлік тізгіндеген 15 жасар мектеп оқушысы 4 жасар баланы басып, сәби шетінеп кетті. Ал, Батыс Қазақстан облысында жасөспірім жүк көлігінің рөлінде отырып, абайсызда әкесін мерт қылмап па еді. Тіпті, жыл басында Ақтөбе сыртындағы демалыс орнында қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті.
Кері кеткен кезек: Ардагер тұрғын үй тізімінен неге шегеріліп қалды?
Қостанай қаласының тұрғыны Сайран Нұрбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне теңестірілген тұлға мәртебесіне ие азамат. Ол 1974-1976 жылдар аралығында Семейде әскери борышын өтеп, ядролық сынақ полигонындағы жарылыстарға қатысқан. Аты шулы полигонның зардабын еске алудың өзі артық шығар. Бүгінде азаматтың жалғыз өтініші бар. Көрер көз, еститін құлақ болса, бұлмәселе шешімін табар деген үміттеміз.
Қостанайдың жаңа көшелерінің біріне генерал Самат Бәкіровтің есімін беру туралы бастама көтерілді
Қостанай облысы ПД-нің ардагерлер кеңесі Қостанайдың жаңа көшелерінің біріне генерал Самат Бәкіровтің есімін беру туралы бастама көтерді.
Сарыкөлдік бапкер шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін қайыр сұрап жүр
Сарыкөл ауданының Барвинов ауылында бапкер Нұрлан Тайжанов шәкірттерін Азия чемпионатына апару үшін жаңа қадамға барды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлады.
Жол саласында мамандар тапшы
Жол салу, қайта қалпына келтіру ауқымы, жол құрылысының өркендеуі жоғары білікті жол мамандарын қажет етеді. Бүгінде Қазақстанда әрбір нысанда инженер-құрылысшылар, зертханашылар, асфальт төсеу операторлары, механизаторлар, арнайы техника машинистері, геодезистер жетіспейді.
Жітіқарада республикалық теміржол бағытын ашу бастамасы көтерілді
Жуырда Жітіқара ауданының әкімі Нұржан Өтегенов аудандық мәслихат депутаттары және аудан ақсақалдарымен дөңгелек үстел өткізді. Күн тәртібінде Жітіқара-Қостанай-Көкшетау-Астана бағытында тікелей теміржол қатынасын ашу мәселесі қаралды.
Депутат “Орталық-Батыс” көлік дәлізін құру мәселесін көтерді
Бүгін ҚР Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев Үкіметке «Орталық – Батыс» көлік дәлізін құру жобасы бойынша автожол салу және реконструкциялау мәселесін қозғап, депутаттық сауал жолдады.
Ұлт уайымы қайтсе сейіледі?
Біз – ішкі миграцияның реттелуіне мүдделі елміз. Бұл мәселені шешуге тәуелсіздік алғалы бері атқарушы биліктің тісі батпай келе жатқаны белгілі. Осы бағыттағы әлсіз қадамдар, егжей-тегжейлі ойластырылып қабылданбаған солқылдақ бағдарламалар ұзаққа апармады…
Бөлшек саудадағы бензин құнын өсіру не үшін қажет?
Энергетика министрлігінің басшысы Б. Ақшолақов бензин мен дизель бағасын не себепті өсіру керегін айтып берді.
Қостанай іргесіндегі ауылда әлі ауыз су жоқ
“Ауыз су – тіршілік көзі” деп бекер айтылмаса керек. Сусыз адамның күні жоқ. Бүгінде түрлі мемлекеттік бағдарлама арқылы біраз шаруа оң шешілгенімен, түйткілді мәселелер әлі де бар. Мәселен, Қостанай ауданына қарасты Озерное ауылының тұрғындары әлі күнге дейін сусыз отырғандарына налиды. Амалдары таусылған жергілікті тұрғындар біздің редакциямызға шағымданды.