Орман қайта қалпына келе ме?

Орман қайта қалпына келе ме?

Былтыр Әулиекөл ауданында 40 мың гектардан астам орман алқабы өртке оранды. Қазір осы алқапты тазарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жанып кеткен ағаштарды кесіп, алаңқай толығымен тазаруда. Бұл жұмысқа жүзге тарта бригада тартылған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Әулиекөл ауданына барған іссапарында орман алқаптарында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, бірқатар тапсырма да берді.

–Қазір бұл жерде 100 бригада, 400-ден астам адам еңбек етуде. Уақыт үзбестен жұмыс істеп, кесілген ағаштарды сұрыптап, жарамдыларын құрылысқа, жарамсыздарын отынға сатуда. Қажетті деген техника 30 трактор, 6 өрт сөндіру көлігі де алынды. Келер жылы тағы да 6 техника қатарға қосылады. Осының бәрін есептегенде керек жабдықтың бәрі бар, – дейді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Хұсайынов.

Орманда жүз бригада еңбек етіп жатса да орман алқабын тазартуға 4-5 жыл уақыт керек екен отырғызылған көшеттердің сырттан алынғандарының тек 25 проценті ғана тамыр жайып кеткен. Ал,
өзімізде өсірілген 8 млн 400 мың желектің барлығы да толығымен бейімделген. Сол себепті де көшеттерді тек Қазақстан аумағынан, одан да дұрысы өзімізде питомниктерді көбейту керек дейді мамандар.

– Жұмыс еш тоқтамасын. Орманды тез арада тазартып алу керек. Ол сіздердің жұмысты дұрыс ұйымдастыра білулеріңізге байланысты. Күн, түн демей еңбек етіңіздер. Біз орманды тек осылай ғана сақтап қаламыз, – деді облыс әкімі Қ.Ақсақалов.

Суретті түсірген Б.Көркембаев.

Жаңалықтармен бөлісу