Қостанай қаласының тұрғындары мұсылман қорымының жанындағы «Лото клубтың» жұмысына наразы

Қостанай қаласының тұрғындары мұсылман қорымының жанындағы «Лото клубтың» жұмысына наразы

«Қостанай таңы» редакциясына тұрғын Байгелді Сакин Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаевқа жолдаған өтініш хатты алып келді. Назарларыңызға хаттың фотосуретін ұсынып отырмыз.

Хатта қаланың ортасындағы жалғыз мұсылман қорымы қараусыз қалғаны жазылған. Арнайы барғанда қаңғыбастардың қорымды паналап жүргеніне куә болған. Оны фотосуретке түсіріп алған. Ал, зират ішінде шашылған қоқыстан аяқ алып жүру мүмкін емес дейді тұрғын.

blank blank blank

            – Зираттың басында қаңғыбастар арақ ішеді. Тіпті тұрақты мекен етіп алған. Дәретке отырады. Қоқысқа толып қалған. Кей жерінде қоршауы да жоқ. Зираттың жанында Алтынсарин көшесі, 28/2 нысанында арақ-шарап, сыра сататын дүкен бар. Жертөле қабатында «Лото клуб» жұмыс істеп тұр. Онда адамдар ақша тігіп, құмар ойындар ойнайды. Бұндай әрекет зиратта жатқан аруақтардың тынышын қашырады. Құран бағыштаудың орнына, керісінше жын-шайтан жиналады. Исламда бұндай дүниелер харам болып саналады. Осыны ескеріп, қала тұрғындары бірігіп, зират жанында ішімдік сатуға және құмар ойын ойнайтын «Лото клубтың» жұмысына тоқтау қойсын деп қала әкіміне 170 адам қол қойып өтініш жібердік, – дейді Байгелді Сакин.

blank blank blank blank blank blank

Редакция қала әкімдігіне осы мәселе жөнінде хат жолдады. Мәселе бақылауымызда болады.

Суреттерді түсірген Байгелді Сакин