Арқалық қаласына қарасты Фурманов ауылында екі басты үйдің бірінен өрт шығып, соның салдарынан шиеттей үш баласы бар жас отбасы баспанасыз қалды.
Оқиға таңғы сағат бестер шамасында болған. Үйдің екінші басында ешкім тұрмайды.
«Өртті сөндіруге 1 техника жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Өрттен зардап шеккендер тіркелмеді. Бұл осы бір айдың ішінде болып тұрған екінші жағдай. Бұған дейін қаланың «Северный» кентінде тура осындай жағдай болды», – дейді қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайыржан Жұмақанов.
Мамандардың мәлімдеуінше, жалпы өрт шалған аумақ 30 шаршы метрді құрайды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан. Үйдің мекенжайы: Арқалық қаласы, Фурманов ауылы, Степная көшесі 5/1.
Бір ғажабы отағасының намаз оқитын бөлмесі отқа оранбай аман қалған. Жұбайы жұмыссыз. Жанашыр жандар қапияда баспанасынан айрылған жас отбасыға қайырымды жандардан көмек сұрайды. Жәрдем жиналып жатқан телефон нөмірі 8707 268 0743. Жангелді.Ж
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы