Облыс бойынша 20-30 қараша аралығында өтетін іс-шараға жұртшылық, ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр. Негізгі міндет– қылмыстың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Сақшылар қан тапсырды
«Жол қозғалысы қауіпсіздігі» апталығы аясында 50-ден астам полиция қызметкері қан тапсырды.
Желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады
Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.
Жол бойының адамдары жолдағыларды сақтандыруда
Бүгін «Жол қауіпсіздігі апталығы» аясында мектеп оқушыларына тәртіп сақшылары автокөліктің жарық шамдарына шағылысатын фликерлерді табыстады. Балаларға жол-көлік оқиғаларында болатын жарақаттардың алдын алу ережелерін айтып берді.
Ертең Қостанайда тәртіп апталығы басталады
Облыстық полиция департаменті ертеңнен бастап Дүниежүзілік жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған «Жол қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Қарапайым тұрғындар азаптау фактілерімен айыптау органына жүгіне алады
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының алдына азаптау мен қатыгездікті толық жою міндетін қойған еді. Облыстық прокуратура өкілдері жыл басынан бері осы мәселені шешу бағытында бірқатар заңнамалық, ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Облыстағы әрбір бесінші қылмыс масаң күйінде жасалады
Жылдың басында 2 адам өлтіру және 10 дене жарақатын зақымдау фактісі орын алды. Бұл қылмыстардың себебі, алкогольді ішімдіктерден туындайтын кенеттегі қақтығыстардан орын алып жатыр. Олардың дені алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сатып алғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық прокуратурасы үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылды.
Жыл басынан бері үш жүз келіден астам есірткі заттары тәркіленген
Жасөспірімдерді қоғамдық тәртіпке үндейтін іс-шаралар оқу жылының басынан бері өңірдің барлық колледждері мен орта мектептерінде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 500-ден астам адам қатысқан ата-аналар жиналысы «Есірткіге жол жоқ» тақырыбына арналды.
Жол тәртібі сақталар емес
Жыл сайын мас күйінде көлік айдаған 1,5 мыңнан астам адам тіркеледі. Басқару құқығынан айырылса да көліктерін жүргізуді жалғастырып, қайтадан заң бұзып жатқандары бар. Ол туралы облыс прокуратурасы мәлімдеді.
Дүкеншіні балағаттаған ауыл әкімі қызметінен қуылуы мүмкін
Бейімбет Майлин ауданы Новоильин ауылдық округінің әкімі Мақаш Таймасов дүкен сатушысын балағаттаған. Қоғамдық тәртіпті бұзған шенеуніктің әрекеті Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды.