Жасөспірімдерді қоғамдық тәртіпке үндейтін іс-шаралар оқу жылының басынан бері өңірдің барлық колледждері мен орта мектептерінде ұйымдастырылып келеді. Бұл жолы 500-ден астам адам қатысқан ата-аналар жиналысы “Есірткіге жол жоқ” тақырыбына арналды.
Іс-шара барысында студенттерге есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер мен фильмдер көрсетілді.
–Жыл басынан бері Қостанай облысында 270-ке жуық қылмыс анықталып, заңсыз айналымнан 340 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді. Екі студент есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды,– деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкері Айгүл Ерәділова.
Полицейлер мұндай құқық бұзушылықтар үшін ауыр жаза қарастырылатыны туралы ескертеді. Жиналыс барысында ата-аналар да, студенттер де белсенді диалог пен пікір алмасты.
Облыстық полиция департаменті