Арқалықта «Светофор» дүкені ашылды

Арқалықта «Светофор» дүкені ашылды

Қалада бәсекелестіктің арқасында тауардың бағасы да, сапасы да жақсарады деп күтілуде. Төмен бағалар дүкенінің жалпы көлемі мың шаршы метрді құрайды.

Жаңадан 12 тұрақты жұмыс орнын ұсынып отыр.

Сауда үйінің салтанатты ашылуына қала әкімі Әмірхан Асанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Әсем ән әуелеп, мың бұрала би биленді. Дүкен басшысы Диляра Арманқызы кермесін қиып, ұлттық дәстүріміз шашу көрініс тапты.

«Менің осындай халыққа қолжетімді дүкеннің ашылып жатқанына алғысым шексіз. Азық – түлік тауарлары өте көп мөлшерде екен. Тұтынушылар тарапынан ризашылығымызды білдіреміз», –дейді қала тұрғыны, зейнеткер Ғайнижамал Омарова.

Жалпы, қалада кәсіпкерлік саласы жақсы қарқынмен дамып келеді. Бүгінгі күні Арқалық қаласы бойынша 2 мың 576 шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істеп тұр.

Мұрат Жүнісұлы

                                                                        Арқалық қаласы