25.07.2025
Ертең Қостанайда тәртіп апталығы басталады

Ертең Қостанайда тәртіп апталығы басталады

Облыстық полиция департаменті ертеңнен бастап Дүниежүзілік жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған «Жол қауіпсіздігі апталығы» кең ауқымды іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.Тәртіп сақшылары іс-шараны жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы өлім-жітім көлеміне, жарақаттарға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының ықтимал тәуекеліне қоғамның назарын аудару үшін ұйымдастырылғалы жатқанын айтады.

Өңірімізде осыған байланысты апта бойы акция, челендждер мен конкурстар өтпек.