Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының алдына азаптау мен қатыгездікті толық жою міндетін қойған еді. Облыстық прокуратура өкілдері жыл басынан бері осы мәселені шешу бағытында бірқатар заңнамалық, ұйымдастырушылық шаралар қабылданғанын мәлімдеді.
Қабылданған шараларға байланысты азаптау істерін тергеу қызметі прокуратура органдарына берілді. Әдістеме нұсқаулық әзірленіп, құқық қорғау органдары басшыларының азаптауға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен бұйрығы бекітілді. Азаптау туралы белгілерге жедел ден қою үшін Бас прокуратураның ұйғарымымен қарапайым халық пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындалған жадынамада кезекші прокурорлардың телефон нөмірлері көрсетілген. Көрсетілген нөмірге жүгініп, қылмыстық қудалау қызметкерлерінің физикалық, психикалық қысымына куә болғаныңыз туралы жолданым қалдыра аласыз. Қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау жолында азаптауға жол бермеу, облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.