Биылдан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды ресімдей алады. Ол үшін мемлекет “Еурохаттама” арнайы мобильді қосымшасын әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?
2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қоғамдық тәртіпті және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету саласындағы жыл қорытындылары шығарылды
Республика бойынша қылмыстың жалпы деңгейі 12% — ға төмендеді. Мал ұрлығы фактілері 14% — ға азайды. Бұл бағытта 661 қылмыс ашылды.
Сақтық шараларын ескермей жолға шыққан жолаушыдан тағы бір заң бұзушылық анықталды
Ауа температурасы төмен болғандықтан, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Алайда, Меңдіқара ауданының аумағында 26 бас ірі қара малын тасымалдаған КамАз жүргізушісінің полиция бекетін айналып өтпек болған қулығы жүзеге аспады. Ол Қостанай-Введен бағытындағы кюветтердің біріне көктайғақ салдарынан түсіп кеткен.
Көлік кілті жауған күн: 115 жаңа техника қызметке дайын
Полицейлерге жаңа 115 қызметтік көліктің кілті табысталды. Іс-шара облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өтті.
Қостанайда Ұлттық ұлан сарбаздарына қызмет көліктерінің кілті табыс етілді
Бүгін Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында мерзімді әскери қызметшілерге қызметтік автокөліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті.
Қостанай облысында бір тәулікте 47 жол апаты тіркелді
Қостанай облыстық ПД мәліметінше, облыс аумағында жыл басынан бері 395 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 80 адам қаза тауып, 542-і жарақат алған. Ал 4 желтоқсанда 47 жол апаты болды, оның 26-сы Қостанай қаласына тиесілі.
Шетелдік көлік иелеріне ескерту жасалды
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша, Ішкі істер министрлігі осы жылдың 23 қаңтарынан 30 маусымына дейін елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдер қабылданды. Алайда Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңдастырылмайды.Көлік иелеріне өте аз уақыт қалғаны ескертіліп отыр.
Қостанайда еріктілер мен полицейлер есірткі жарнамаларын өшірді
Қостанай полицейлері Жоғары политехникалық колледж еріктілерімен бірге есірткі заттарын жарнамалайтын қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртындағы жазуларды бояу акциясын өткізді.
Балалар қауіпсіздігі: құрылыс компаниялары пәтер терезелеріне арнайы тор орнатуға міндеттелді
Құрылыс компаниялары тұрғын үйлердің терезелеріне арнайы қорғаныс механизмдерін орнатуға міндетті болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. Атап айтқанда, бүгін Мәжілісте білім беруге қатысты қабылданған заңда кішкентай балалардың тұрғын үй терезелерінен құлауына жол бермеу тетіктері қамтылған. Бұл тұрғыда заңда аясында құрылыс компаниялары терезелерді арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптармен қамтамасыз етуге міндеттелді. […]