2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?

2024 жылы Қазақстанда айыппұл мөлшері қалай өзгерді?

2024 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгеге өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Айлық есептік көрсеткішке байланысты жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар мөлшері де 7%-ға артқан.

Жол ережесін бұзғаны үшін:

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңгеге тең. Жүргізуші жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға арттырса, 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл арқалайды. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Жүргізуші әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты арттырып, тағы да жаза басса, 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл төлейді.

Жаңалықтармен бөлісу