Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны “Вконтакте” әлеуметтік желідегі парақшасында діни сипаттағы аудио және бейне материал жариялаған.
Екідің, Қызылжұлдыз ауылдарына киіз үйлер жеткізілді
Биылғы су тасқынынан зардап шекккен Арқалық қаласына қарасты Екідің және Қызылжұлдыз ауылдарының тұрғындарына арнап, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 35 киіз үй жеткізді.
Иттердің көрмесі еріккеннің ермегі ме? Рудныйлық белсенді желі қолданушыларына жауап берді
1 маусым күні Рудныйда иттер көрмесі өткізілмек. Бірақ осы іс-шараның хабарландыруы шыққалы оны қаладағы кейбір тұрғындар қатты сынға алды.
Бұрынғы сағат белдеуі қайтарыла ма? Министрлік жауап берді
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы жария болған петицияға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Лудоманиямен күрес: 40 мың адам өзін құмар ойындардан шектеді
Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өз бетінше шектеу жөніндегі онлайн қызмет іске қосылған алғашқы айда аталған қызметті 40 мыңнан астам ел азаматы пайдаланған.
Ұлттық құрылтай һәм Қазақ тілі
Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев тағы да тіл түйткіліне тоқталды. Президент мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсу мемлекет саясатының басты бағыты екенін атап өтті. Президент: “Елімізде қазақ тіліне деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады. Бұл үрдісті одан әрі дамытудың ең тиімді әрі төте жолы […]
Тоқал сыйлау тренд пе?
Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр деп насихаттағысы келетіндер бар. Бүгінгі қоғамда бұл – заңға қайшы әрекет. Оған тосқауыл қойылуы керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында осы жөнінде айтты.
ИГІ МАҚСАТ ЖОЛЫНДА
Биыл – «Қостанай таңы» газетінің бастауында тұрған ардақты тұлға, қазақ жазба әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл. Соған орай басылымның бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы жазушының туған жеріне жұмыс сапарымен барды. Ол аудан басшылығымен және жергілікті оқырмандармен кездесіп, газеттің бүгінгі тыныс-тіршілігін, алға қойылған жоспар-жобаларын кеңінен таныстырды.
Арқалық пен Рудныйда арнайы жасақ құрылды
Облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің бастамасымен құрылған жасақтың негізгі міндеті – бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Жаңа уақыт белдеуі несімен тиімді болмақ?
Қостанайға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев бастаған делегация келді. Белсенді топтың сапарының себебі – еліміздегі уақыт белдеуінің өзгеру тиімділігін түсіндіру.