Облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны “Вконтакте” әлеуметтік желідегі парақшасында діни сипаттағы аудио және бейне материал жариялаған.
Бұл фактіні әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг барысында облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.
“Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заңға сәйкес діни мазмұндағы материалдарды тек ғибадат үйлерінде, рухани ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген орындарда орналастыруға жол беріледі. Сонымен қатар мұндай материалдарды таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Жергілікті тұрғынға қатысты ҚР діни қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыға 50 АЕК (184600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды”, – деді басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.
Ведомствода жыл басынан бері осындай 7 факт анықталғанын атап өтті.