Елімізде 2026 жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Бұл бастама мемлекеттік органдардың жұмысында жаңа технологияларды енгізудің маңызды қадамы болып отыр.
Бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыратын стратегия әзірленіп жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы саласындағы деректердің анықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған «Е-АӨК» платформасын құруды жоспарлап отыр.
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды: жас буын цифрлық әлемнің жаңа трендтерін игеруде
Бүгін Қостанай қаласының «IQostanay» орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру жылы аясында ауыл жастарының әлеуетін арттыруға бағытталған «Auyl Jastary» республикалық семинары өз жұмысын бастады.
Өңір басшысы цифрландыру және ЖИ бағытын дамыту жөнінде тапсырма берді
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірді цифрландыру және жасанды интеллект шешімдерін енгізу жөнінде басқарма басшыларына және аудан-қала әкімдеріне тапсырма беріп, ІТ-қауымдастықты бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
QostanaiHub – қозғаушы күш: ІТ-кәсіпкерлікті дамытуда қандай жұмыстар атқарылды?
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған QostanaiHub өңірдің ІТ-экожүйесін дамытуға, ІТ-кәсіпкерлікті қолдауға және адами капиталды қалыптастыруға қызмет етіп келеді.
Өңірде цифрландыру және ЖИ барлық саланы қамти бастады
Мемлекет басшысы 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы деп жариялады. Өйткені бұл үрдіс – жаңа технологиялар төрге озған дәуірде өркениетті ел болып қалыптасудың бірден-бір жолы. Қазақстан осы бағытты жедел жетілдіріп те жатыр. Ал Қостанай облысын заманауи цифрлық өңірлер қатарында десек, қате айтпаймыз.
Шетелдіктерге жол бағдар дайындалды
Елімізге келетін шетелдік азаматтарды ақпараттандыруға арналған «Қазақстан полициясы Сізді қарсы алуға дайын» сервисі әзірленді.
Елімізде су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленуде
Қазақстанда суды басқарудың бірыңғай цифрлық кеңістігі қалыптасуда. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
2025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізудің нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 529,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Қазақстанда құрылыс саласын цифрландыру жоспары бекітілді
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және ЖИ жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті.
