Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, еліміздің заң және құқық саласының жетіліп, нығая түсуіне көп үлес қосқан білікті заңгер, заң ғылымдарының докторы Сергей Жалыбин 75 жасқа толып отыр. Облыс әкімдігінде осыған орай өткен салтанатты іс-шарада мерейтой иесіне арналған жылы лебіз, жүрекжарды құттықтаулар айтылды.
«Менің атым Қожа» қойылымы қостанайлық көрерменге жол тартады
Премьера І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында 6,7, 8 ақпан күндері қойылмақ.
Үш жыл ішінде мемлекеттік қорға 12 миллион гектар жер қайтарылды
Соңғы үш жыл ішінде ауданы 9,4 млн га жерде 4,7 мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізілген.
Станислав Черчесов қызметінен кетті
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.
Қарапайым жүргізуші кәсіпкерге қалай айналды?
Батырбек Исаков бала кезінен Қарасу төңірегінде тыңнан түрен салған кәнігі механизатолардың ыждағаттылғын көріп өсті. Қыс болса мал жайлап, жаз шыға ауыл үлкендеріне еріп, қырман басына аттанушы еді. Соның әсерінен болар, әрдайым жүргізушілік кәсіпті өзгелерден биік тұтты.
Халық арасында коронавирустің таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі
Биыл 1 қаңтардан бастап республикада коронавирус инфекциясына 51 адам шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есе төмен.
Қостанайда қауіпті затты түрмеге алып өтпек болған күдікті ұсталды
Күдікті Қостанайдағы Киевский көшесіндегі түзету мекемесіне негізгі қоршауы арқылы тыйым салынған заттарды өткізбек болған.
Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді
Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті.
Қостанайдағы №1 емхананың жаңа бас дәрігері тағайындалды
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Қостанай қаласы №1 емханасы бас дәрігерінің міндетін уақытша Жеңіс Қабылов атқаратын болды.
Қамыстыны қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Биыл Қамысты селосының өзіне қар тазалау үшін 6,2 млн теңгеге жуық қаржы бөлінсе, аудан аумағындағы ауыларалық жолдарға бөлек қарастырылған. Бірақ, мамандардың айтуынша, биыл қыс жайлы, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда түскен қар аз. Алайда соңғы екі күннің ішінде көшелерді ақ көрпеге ораған.