Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті.
Жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Жарыста Канада құрамасы жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдені Польшадан келген спортшылар иеленді.
Алтын жүлде – Канада (1:24.90)
Күміс жүлде – Польша (1:25.02)
Қола жүлде – Қазақстан (1:26.36)