Халық арасында коронавирустің таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі

Халық арасында коронавирустің таралуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі

Биыл 1 қаңтардан бастап республикада коронавирус инфекциясына 51 адам шалдыққан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 7 есе төмен.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова хабарлады.

«Бүгінгі таңда COVID-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды ретінде қабылданбайды. Ауру негізінен жеңіл өтеді, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді, науқастар амбулаториялық жағдайда ем алады», – деді спикер.

Жаңалықтармен бөлісу