Прогрессивті қоғамға қол жеткізу үшін азаматтардың дүниетанымын өзгерту және жаңа құндылықтарды қалыптастыру қажет. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Адал азамат» тұжырымдамасын енгізудің маңызды екенін айтқан. Ақсақалдар кеңесі бұл ұсынысты іліп әкетіп, арнайы жобаға бастамашы болды.
Қостанайда хлорелла арқылы су тазарту жобасы іске асуда
Қостанайда су қоймасын биологиялық тазарту үшін жасыл балдырларды пайдалану жобасын ілгерілетуде «AMANAT» партиясының облыстық филиалы жанындағы Экологиялық кеңес маңызды рөл атқарды. Облыс орталығында заманауи су тазарту станциясының жоқтығы мәселесі Кеңес отырыстарында бірнеше рет талқыланды.
Меже белгілі, мерзім шектеулі: өңір жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен толықтай қамтылуға тиіс
Биыл Қостанай облысы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге барынша күш салынбақ. Өйткені, Мемлекет басшысы міндеттегендей, бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы толық аяқталуға тиіс.
Бүгін көрнекті ақын Серікбай Оспанұлының туған күні
Танымал ақын, филолог-ғалым, «Алаш», «Жамбыл» халықаралық сыйлықтарының иегері, Әлем жазушылары одағының, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серікбай Оспанұлы 80 жасқа толды.
Асхат Тағыберген – «Тобыл» ойыншысы
Қазақстан құрамасының капитаны ресми түрде қостанайлық клубтың ойыншысы атанды.
Киік таптаған жайылымға субсидия төлеу мүмкін емес — АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер Kazinform сауалына жолдаған жауапта киік таптаған жайылымның шығынын субсидиямен толтыру мүмкін емес екенін айтты.
Арқалықта ардагерлер ұлттық ойындардан сайысты
Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің спорт залында ардагерлер «асық ату», «садақ тарту», «тоғызқұмалақ» және «қол күресі» сайыстарынан сынға түсті.
Қостанай облысында «Еңбек жолы» конкурсы бастау алды
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Еңбек жолы» конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталғанын хабарлайды. Конкурс аясында үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.
Ақылы жолда әділдік орнап, жолақы қайта есептелді
Ақпан айында Қостанай қаласынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі М-36 жолы ақылы негізде пайдалануға берілген еді. Жол ақысын жинауға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы жауап береді.
Жәмилә Бақбергенова – 4 дүркін Азия чемпионы атанған үшінші қазақ палуаны
Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.