Премьера І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында 6,7, 8 ақпан күндері қойылмақ.
Шығарма еліміздің бірнеше театрында сахналанды. Бүгінде Қостанайлық көрермен үшін сахналанғалы жатқан қойылымды театр ұжымы тамашалауға шақырады. Билеттер театр кассасында және “Тикетон” желісінде сатылады.
Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі – балалық шақтың шынайы бейнесін көрсететін туынды. Қожа – арманшыл, әділдікті сүйетін, бірақ кейде шалт қылықтарымен басына қиындықтар тауып алатын бала. Повесть оның мектептегі оқиғаларын, ұстаздармен және достарымен қарым-қатынасын, отбасылық жағдайын баяндап, балалық шақтың қызықтары мен күрделі тұстарын шынайы түрде жеткізеді.
Бұл туынды арқылы автор балалардың өміріндегі маңызды мәселелерді, достық пен отбасының рөлін, армандар мен шынайылықтың қақтығысын терең ашып көрсетеді. «Менің атым Қожа» – балаларға ғана емес, ересектерге де ой салып, мейірімділік пен адамгершілікке үндейтін шығарма. 1957 жылы жазылған повесть қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналады.