Сәуір айының 6 — сы мен маусым айының 6 – сы аралығында Арқалық қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың екі айлығы басталды.
Ауылдық аумақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді
Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
Рудныйда 280 орындық балабақша салынады
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында кеншілер қаласында кең ауқымды бөбекжай пайда болады.
Мемлекет басшысы ауызашар берді
Барлық өңірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар дастарқаны жайылды.
Қостанай облысының бюджеті рекордтық сомаға жетті
Биылғы облыстық бюджет — 601 млрд теңге. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 34% артық сома. Қазына қаржысының әр салаға қалай бөлінетінін облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде егжей-тегжейлі айтып берді.
Железодорожный мен Қарамырзада жағдай тұрақтанды
Қостанай облысы ТЖД мәліметінше, қазір Қарасу ауданында Қарамырза және Железодорожный ауылдарында су тасқыны жағдайы тұрақтанды, зардап шеккендер жоқ, адамдар үйлеріне оралған. Екі күн тұрған судың беті қайта бастады. Осы жылы Қарасу ауданындағы 44 үйді (Железнодорожный – 5, Карамырза – 35, Молодежный – 1, Восток – 3) еріген қар су басқан. Жалпы, шамамен 70 мың текше […]
Төлеубек Мұқашев: «Мәслихаттар алдында жаңа міндеттер тұр»
Бүгін, 7 сәуірде «Қазақстан мәжіліс депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесті.
Спорт басқармасында жаңа басшы
Дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен «Қостанай қыраны» атағының иегері, Азия чемпионы. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Кинтонов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қостанай облысында аң аулау маусымы ашылды
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Қостанай облысының аумағында суда жүзетін құстарға көктемгі аң аулау маусымы ашылды. Бұл туралы Қостанай облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторы Тимур Нұрсаитов мәлімдеді.
Қарасуда қарғын су қаупі сейілді
Қарасу ауданы Карамырза ауылында қарғын су қаупі жойылып, елді мекен тұрғындары үйлеріне оралды. Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының өкілдері хабарлайды.