Қарасуда қарғын су қаупі сейілді

Қарасуда қарғын су қаупі сейілді

Қарасу ауданы Карамырза ауылында қарғын су қаупі жойылып, елді мекен тұрғындары үйлеріне оралды. Бұл туралы облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының өкілдері хабарлайды.

7 сәуір, сағат 07:00-дегі жағдай бойынша, Қарамырза ауылында қар суы жайлаған барлық 35 үй мен аула аумағы құрғатылды. Қауіпсіз жерге көшірілген ауыл тұрғындары үйлеріне орала бастады.

“Бүгін су басу аймағында қалған 2 тұрғын үйден және 9 аула аумағынан еріген қар суын сору жұмыстары аяқталды. ТЖД күштері мен құралдары Қостанай қаласына қайтарылады. Ауылдың су тасқыны қаупі толығымен жойылды”, – делінеді департамент хабарламасында.

Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу