Спорт басқармасында жаңа басшы

Спорт басқармасында жаңа басшы

Дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, қазақ күресінен “Қостанай қыраны” атағының иегері,  Азия чемпионы. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұрат Кинтонов облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Мұрат Болатұлы еңбек жолын өз туып-өскен Арқалық жерінен бастады. Қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде шәкірттерін күрес өнеріне дайындады. Қала әкімінің кеңесшісі қызметенен кейін Қостанайға ауысып, кәсіби салада бірнеше жыл тер төкті. Бұған дейін Қостанай қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінде басшылық қызмет атқарды.

Жаңалықтармен бөлісу