2024 жылғы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған.
Құрбан айт күндері тамақтан уланудың алдын алыңыз
Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары тұрғындар арасында тамақтан уланудың алдын алу бойынша белсенді ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құсмұрында шипагер тұлғаның жүз жылдығы аталып өтті
Бекмұхамбет Оразбайұлының адами қасиеттерін Құсмұрын жұрты әлі күнге дейін айтып отырады. Аурухананың туберкулез бөлімшесінде қырық жылдан астам уақыт меңгерушісі болып халқына адал қызмет етті. 1999 жылы «Ауылдың Құрметті азаматы» атағы берілді. Кейін орталық көшелердің бірі сол кісінің атымен аталып, ұлықталды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Құрметті қостанайлықтар! Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Бүгін Құрбан айт басталды
Бүгін еліміздің барлық мешітінде таң ертең құрбан айт намазы оқылды. Қостанай қаласындағы құлшылық үйлері де келушілерге лық толы.
Бүгін әкелер күні атап өтіледі
Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Бұл мейрам былтыр ғана күнтізбемізге енгізілген. Сонымен, осы күнге орай өңірдегі өнегелі әкелер туралы жазбақшымыз.
Көптен күткен жеңіс: Нұрболдың бапкерлік дебюті «Тобылдың» пайдасына аяқталды
Қостанайдың «Тобылы» футболдан Қазақстан чемпионатында болған Алматының «Қайратымен» өткізген ойынын сұрапыл бастады. Ақ жиделі команданың толассыз шабуылдары нәтижесіз қалып жатты.
Тобыл қаласында облыстағы алғашқы бекіре өсіру фермасы іске қосылды
Еліміздің солтүстік аймақтарында алғаш болып, Тобыл қаласында бекіре өсіру фермасы өз жұмысын бастады. Республика бойынша балық шаруашылығы Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дамыған. Жақында осы облыстардың қатарына Қостанай облысы да қосылуы ықтимал.
Арқалықта экологиялық флешмоб ұйымдастырылды
Арқалық қаласында жүздеген белсенділер көктемде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Экологиялық флешмобқа қатысты.
Денисовте тазалық акциясы өтті
Мемлекет Басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел бойынша бұл бірінші ай емес өткізілетін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін Денисов ауданында да жаппай тазалау жұмыстары жүргізілді.