Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 2023 жылғы түлегі Ақбөпе Баярыстан Корея Республикасындағы шетелдік оқушыларға сабақ беру мүмкіндігін иеленгендігі туралы бұдан бұрын да айтқан болатынбыз.
Денисов ауданында ірі демалыс базасы мен құс фабрикасы пайда болады
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Денисов ауданына жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында нысанды аралап, жаңа жобалармен танысты.
Қазақстандық құрама IBO-2024 олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті
Астанада биологиядан оқушылар арасындағы ең беделді халықаралық олимпиада IBO-2024 өз мәресіне жетті деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Елу пәтерлі үй еңсе көтерді
Арқалық қаласындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып тұрғызылып жатқан 50 пәтерлі үй еңсе көтерді.
Қостанай облысының әкімі сенбілікке шықты
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов және Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев әріптестерімен бірге «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қаланың жағажай аумағында өткен сенбілікке қатысты.
Қоныс тойға санаулы күн: тәуіштіктер жаңа үйлеріне кіргенше асық
Жанкелдин ауданында су тасқынынан қатты зардап шеккен елді мекендердің бірі – Тәуіш ауылы. Мұнда отыз үй су астында қалды. Тұрғындар баспаналарын, түлігі мен мүлігін құтқаруға тырмысқанымен, әрекеттен берекет шықпады. Ең қиыны, шаңырақтарынан айырылды, қастерлі босағалары қапелімде қиранды мен үйіндіге айналды…
Фурманов жастары көш бастады
Арқалықта ауыл жастарының «Тың-2024» ХХІІІ — ші спартакиадасы жалауын көтерді.
Мәдениеттер диалогы: Беларуссияда ШЫҰ-ға қатысушы елдердің кездесуі өтті
Бүгін Витебскіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, ҚХР, Иран және Үндістан өкілдері қатысып жатыр.
Арқалық қаласының әкімі брифинг өткізді
Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі жанынан Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте осы жылдың 5 айындағы Арқалық қаласының даму көрсеткіштері мен алдағы даму перспективалары жайында баяндалды.
Қостанай облысының әкімдігі тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады
Соңғы уақытта алаяқтардың облыс әкімі, әкімдік өкілдерінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшалар ашып, немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы лауазымды тұлғалардың атын жамылып, тұрғындардың қаржысын жымқыру фактілерінің жиілегені жайлы ақпарат тарауда. Осыған байланысты облыс әкімдігі тұрғындарға ескерту жариялады.