Оқу-жаттығулардың мақсаты – төтенше жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау және арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын пысықтау.
Жаттығу барысында атыс дыбыстары естілуі мүмкін. Сондай — ақ автокөліктер мен ауыр техниканың қозғалысы, полигон маңындағы кейбір бағыттарда көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі, сонымен қатар, полиция және арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің арнайы киіммен және арнайы құралдармен жүруі мүмкін.
«Тұрғындардан сабыр сақтауды, оқу-жаттығу барысына араласпауды, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, расталмаған ақпарат таратпауға және қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға немесе полицияға жүгінуді сұраймыз», – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.
