Науырзым ауданының шалғай ауылының көшелері жаңарды

Науырзым ауданының шалғай ауылының көшелері жаңарды

Буревестник ауыл әкімдігі мен «Строй-Пласт Монтаж» ЖШС арасындағы келісім тамыз айында жасалған болатын.  Жол жөндеу жұмыстарының келісімшартының жалпы сомасы 206 миллион теңгені құрайды.

Жоба аясында ұзындығы 3 шақырым 50 метр болатын автожол учаскесінде асфальт төсеніші нығайтылды.

Бұл жол ауыл тұрғындары үшін бір біткен іс болды.

«Қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.  Жол жиегін тегістеу, қажетті белгілерді орнату жұмыстары ғана қалды. Бұл жердегі жол таңбалары сызылатын болады. Аталған қосымша жұмыстар жоспарға сәйкес қазан айының ішінде толық аяқталып, жол тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі», – деп отыр әкімдіктегілер.

blank

Ауыл әкімдігі бұл жоба арқылы елді мекен инфрақұрылымы жақсарып, тұрғындар үшін қауіпсіз және ыңғайлы көлік қозғалысы болатынына сенімді.

blank

Бұл – Мемлекет басшысының халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі.

blank

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Науырзым ауданы