«Бірлікті насихаттап, ұрпаққа үлгі болып келесіздер». Ақсақалдар кеңесі төрағасының құттықтауы

«Бірлікті насихаттап, ұрпаққа үлгі болып келесіздер». Ақсақалдар кеңесі төрағасының құттықтауы

Қадірлі, қазыналы қарияларымызды бүгінгі айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің даналықтарыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар, үлгі-өнеге. Қай уақытта да елдегі татулық пен бірлікті насихаттап, ұрпаққа ақыл-кеңес беріп келе жатқан асыл қазынамыз – сіздерсіздер.

Алтын уақытыңыз әрдайым қуанышқа толы болсын, денсаулықтарыңыз мықты, ғұмырларыңыз ұзақ болсын!

Құрметпен,
Қалқаман ЖАҚЫП,
Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы
Ақсақалдар кеңесінің төрағасы