Қостанай қаласының басшысы еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

Қостанай қаласының басшысы еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетті

1 қазан – халықаралық қарттар күніне байланысты Қостанай қаласының басшысы Марат Жүндібаев әкімдікте әр жылдары қызмет атқарған еңбек ардагерлерімен кездесті. Бұл басқосу ұзақ жылдан бері қалыптасқан дәстүрге айналды.

Шаһар басшысы мерейлі күні барша аға буын өкіліне Қостанайдың дамуына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Ақ дастархан басында басқосып, еңбек ардагерлерімен емен-жарқын әңгімелесті. Одан кейін еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі – «Allur» автомобиль зауытына экскурсия ұйымдастырды. Аға буын жаңадан құрастырылып жатқан автокөліктердің озық үлгілерін тамашалап, таңданыстарын жасырмады.

«Біздің ардагерлер әрдайым белсенділік танытып, қаланың өміріне қызығушылық білдіреді. Өз тәжірибесі мен құнды кеңестерін аямай бөліседі. Осындай жандардың арқасында ұрпақтар сабақтастығы сақталып, қоғамға адал қызмет ету рухы жалғасуда»,-деді қала әкімі Марат Жүндібаев.

blankblankМерекеге орай Қостанай қаласындағы емханаларда ашық есік күндері өтті. Емделуге және кәсіби кеңес алуға келген үлкен кісілердің қандағы холестерин деңгейін анықтап, қан қысымын және көз қысымын өлшеп, терапевт мамандары кеңес берді. 1-қазан күні зейнеткерлердің бәріне қаладағы қоғамдық көліктерде тегін жүріп-тұру мүмкіндігі жасалды. Қыркүйек-қазан айлары аралығында кейбір моншалар мен шаштараздар қарияларға жеңілдіктер ұсынуда. Шахмат клубы мен теннис кортында қариялар арасында дойбы, шахмат, үстел теннисінен жарыстар ұйымдастырылып, «Мирас» мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы «Күзгі вальс» деген атпен ретро-кеш, «Қарттарым – асыл қазынам» деген тақырыпта фестиваль өткізді.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Сурет қала әкімінің баспасөз қызметіне тиесілі