Білекті балуандар іріктелді

Білекті балуандар іріктелді

Арқалықта қазақ күресінен ересектер мен әйелдер арасында облыс чемпионаты жалауын көтерді. Дүбірлі додаға 4 қала мен 8 ауданнан 124 спортшы қатысты.

Салтанатты ашылуында балуандар сап түзеп, еліміздің әнұраны асқақтады.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айтжан Мәліков спортшыларға сәттілік тіледі.

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абай Сарыбаев, спорт ардагері Жұмахан Қасымхановтар жылы лебіздерін білдірді.

Жарыстың бас төрешісі Мереке Рыздықов бұл жарыстан ұтқан балуандар алда болатын Қазақстан біріншілігінде облысы намысын қорғайтынын айтады.

«Былтыр біз үшін жаман жыл болған жоқ. Архат Баймурзин деген балуанымыз Қазақстан жеңімпазы атанды», – дейді бас төреші.

Тартысты бәсекеде түрлі салмақ дәрежелері бойынша көш бастаған балуандар кестесі төмендегідей:

55 кг – Мақсат Төлеу (Арқалық қаласы);

60 кг – Ақжол Ашықбай (Арқалық қаласы);

66 кг-Нұрсұлтан Сейтқұл (Арқалық қаласы);

74 кг – Думан Сәндібеков (Лисаков қаласы);

82 кг – Иманжүсіп Қуанышбеков (Арқалық қаласы);

90 кг – Ақжол Қазымбек (Жанкелдин ауданы);

100 кг – Ерғанат Рыздық (Жанкелдин ауданы);

+100 кг – Алмас Жұмағали (Қостанай ауданы);

52 кг – Эвелина Баева (Лисаков қаласы);

56 кг – Қарлығаш Молдабекова (Әулиекөл ауданы);

60 кг – Айғаным Қабылшақ (Жанкелдин ауданы);

70 кг – Күлзира Мамбетова (Әулиекөл ауданы);

77 кг – Жансая Кабимуллина (Қостанай ауданы).

Еске сала кетсек, облыстық іріктеуде екінші және үшінші орын алған балуандардың да Қазақстан чемпионатында бақ сынауға мүмкіндіктері бар.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

  Арқалық қаласы

 

 

Жаңалықтармен бөлісу