Бокс залы ашылды

Бокс залы ашылды

Арқалықта мемлекеттік салауатты өмір салтын іске асыру бағытында жастар мен жасөспірімдерге арналған бокс залы ашылды. 

blankЖаңадан ғимараттың негізін қалаған боксшы, кикбокстан спорт шебері, Арқалық спорт мектебінің түлегі Әли Әбілтаев.

blank

blankСпорт залдың салтанатты ашылуында қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, өз қаражатына еңселі бокс клубын ашып отырған азаматқа алғысын білдірді.

blank

«Мемлекет спортты дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Қалада спорттық нысандардың көптеп бой көтеруі бағытындағы жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. «Жастар – ел ертеңі» деген дана халқымыз. Түрлі зиянды әдеттерден аулақ болып, спортты жанына серік еткен жастардың болашағы жарқын болмақ», – деп атап өтті қала әкімі Әмірхан Асанов.

«ALI BOXING CLUB» залының ашылуына еліміздің атын шығарып жүрген жерлестеріміз Жасұлан Әкімжан, Торғынбек Әміров, Қанат Сәңгіл сияқты кәсіпқой боксшылар арнайы келіп қатысты. Кермесін қиып, құттықтауларын жеткізді.

blankӨз кезегінде спорт зал иесі халқымыздың атадан балаға жалғасқан ізгі салт – дәстүрі бойынша әріптестеріне шапан жауып, сый-құмет көрсетті.

blankШашу шашылып, ұлттық нақыштағы биші арулар мың бұралды.

blank

blankҚалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жеткіншектері спорттық жаттығуларынан көріністер көрсетті.

blankblankblankblankСпорт зал замануи спорттық жабдықтармен жабдықталған. Білікті мамандар жұмыс істейді.

blank

blank

Жастарға түрлі жаттығулар жасап, шынығуға барлық жағдайлар жасалған.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

   Арқалық қаласы