Шайбалы хоккейден Рудный қаласының құрамасы облыстық қысқы спартакиада жеңімпазы

Шайбалы хоккейден Рудный қаласының құрамасы облыстық қысқы спартакиада жеңімпазы

Кеншілер қаласының өкілдері финалдық кезеңде қостанайлықтардан басым түсті.

Ойын өте тартысты өтті. Бастала салысымен Қостанай командасы есеп ашты. Араға көп уақыт өтпей, рудныйлықтар есепті теңестірді.

Осы есеп кездесудің аяғына дейін сақталды. Төрешілер ойын шарты бойынша сегіз-сегізден әр қақпаға шайба лақтыруды шешті. Ақтық сында Рудный құрамасының қақпашысы Михаил Хилько шеберлік танытты. Ол қарсыласына қарағанда өз қақпасын шайбадан көбірек қорғап қалды.

Михаил жалпы аты шулы “Горняк” командасында ойнағанын айтады. Бүгінде келушілерге арнайы жеке массаж жасайтын кабинетін ашқан.

“Хоккейге бала кезімнен келдім. Өмірім осы спорт түрімен байланысты. Қазіргі ойын әуесқойлар арасында өтсе де тартысты болды”, – дейді ол.

Бұған дейін Қостанай ауданының құрама командасы Федоров ауданын жеңіп, қола жүлдегер атанған еді. Бірінші кезеңде есеп ашылмағанымен, келі екі кезеңде табло 4:1 болып өзгерді.

Жаңалықтармен бөлісу