Бокстан «Странджа» турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды. 10 жекпе-жектің 8-де отандастарымыз жеңіске жетті. 2 кездесуде ғана төрешілер шешімімен отандастарымыз жергілікті боксшыларға жол берді…
Финалдағы 4 салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары өзара жұдырықтасады.
63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Ертуған Зейнуллин
71 келі. Абылайхан Жүсіпов — Фарух Тоқтасынов
75 келі. Тимур Нұрсейітов — Сабыржан Аққалықов
86 келі. Нұрбек Оралбай — Бекзад Нұрдәулетов
4 боксшымыз жарыстың қола жүлдегері атанды.
– Теміртас Жүсіпов (48 келі)
– Оразбек Асылқұлов (57 келі)
– Талғат Сырымбетов (60 келі)
– Данияр Рахымбердиев (92 келі)
Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыласы кімдер?
Финалдағы 3 жекпе-жек өзбек боксшыларына қарсы өтеді. Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай мен Баходир Жалоловтың ізбасары саналатын Жахонгир Закировпен жұдырықтасады.
51 келі. Даниял Сәбит — Самет Гумуш
54 келі. Тимур Қабдеш — Шахзод Музафаров
60 келі. Серік Теміржанов — Радослав Росенов
67 келі. Төрехан Сабырхан — Заур Гахраманов
80 келі. Ерасыл Жақпеков — Фазлидин Еркинбоев
+92 келі. Айбек Оралбай — Жахонгир Закиров
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жек кешкі сағат 20:30-да басталады.