Байқаушы сайлаудың әділ өтуіне кепіл болады

Байқаушы сайлаудың әділ өтуіне кепіл болады

Қостанай ауданында өткен байқаушыларға арналған оқыту семинарының көздегені де осы. 15 наурызда өтетін Референдумның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін бағытталған.

Семинар сайлау кезінде байқаушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, заңнамалық талаптарды таныстыру және сайлау учаскелерінде туындауы мүмкін жағдайларға дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

blank

Іс-шара барысында қатысушыларға дауыс беру процесінің кезеңдері, байқаушының рөлі, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Қатысушылардың сұрақтарын жолдап, сайлау күні кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талқылады.

blank

«Байқаушылар – сайлаудың негізгі күші, әділ өтудің кепілі. Қостанай облысы бойынша байқаушыларды оқыту семинарын ақпан айынан бері кезең-кезеңімен өткізіп келеміз. Алыс аудандарға онлайн түрінде. Ал жақын қала, аудандарға офлайн түрінде өткіздік. Әр  сайлау учаскесінде ауысыммен екі бақылаушы отыратын болады. Біздің коалиция республика бойынша жұмыс істейді. Олар Референдум барысында учаске ашылғаннан жабылғанға дейінгі барлық процесті қадағалап, бақылайды», –  дейді «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы  Диана Рақпанова.

Бота МАНЕТ