Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдың мамыр айында республика бойынша мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыс арқылы спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерде балалардың сабақтарын жанбасына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша реформа басталды және «ArtSport» (өнержәне спорт) бейресми атауын алды. Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – денісау, мәдени және шығармашылық жағынан дамыған тұлғаларды тәрбиелеу.
Алғашқы ота сәтті өтті
Жақында Лисаков қалалық емханасында тұңғыш рет тізе буындарын эндопротездеу операциясы жасалды. Олар бұл жауапты кезеңге екі жылға жуық дайындалған.
Берешек 475 млн теңге
Қостанай қаласында жылыту маусымы ауа температурасы үш тәулік бойына 10ºС және одан төмен болғанда ғана штаттық режимде басталады. Қалалық әкімдікте өткен жиында жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.
“Күміс жас” жобасы несімен тиімді?
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарының әртүрлі нысандары көзделген. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындары, жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары кіреді. Жастар практикасы жобасының да өз жемісін беріп отырғанын білеміз.
Қарағанды жақта құлдықта болған облыс тұрғыны табылды
Жедел жәрдем жүргізушісі Ерсін Тілеубердинов ауысымнан кейін көлігімен үйге бара жатқан оны жыртық киім киген, үсті-басы лас адам тоқтатқанын айтады. Ол 6 жыл бойы еңбек құлдығында болып, Қарағанды облысының Осакаров ауданына қарасты Молодежное ауылының маңындағы қыстаудан қашып кеткенін мәлімдеген. Қостанайлық азаматтың аты-жөні – Александр Вдовиченко.
“Шахмат керуені” Қостанай төрінде
Елдің барлық өңірін аралауға жолға шыққан «Шахмат керуені» Қостанайға келіп аялдады. Ұйымдастырушылар Тобыл-Торғай өңірінің үздік ойншыларын іріктеді. Жеңімпаздарды ақшалай сыйлықпен марапаттап, Түркістанда өтетін республикалық жарысқа жолдама берді.
Қаланың әр қуысы бейнекамерамен бақыланады
Қостанайда көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғасында жазылған синтетикалық есірткі туралы жарнамалар көбейіп барады. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында Полиция департаменті 1000 бейнебақылау камерасын орнатпақ.
18 қыркүйекке дейінгі мәлімет: қостанайлықтар көш басында
«Ұлы дала жорығы» марафонына биыл қостанайлықтар алғаш рет қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде. Кеше ғана жарыстың он екінші кезеңі өз мәресіне жетті.
Жітіқарада электр энергиясы қымбаттайды
Алайда, қаншалықты өсетінін әлі нақты айту мүмкін емес. Өткен аптада “Жітіқаракоммунэнерго” кәсіпорнында қоғамдық тыңдаулар өтті, онда тарифтің өсу себептері талқыланды.
Жерлестеріміз әлемдік байқаудың қола жүлдегері
Өңіріміздің IT саласы мамандары әлемде үздік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.